Тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының VII республикалық Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының VII республикалық Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

4 маусымда сағат 12:00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының VII республикалық Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Спартакиадаға 17 спорт түрінен 2000-ға жуық пара спортшы қатысады. Ауқымды дода еліміздің 5 өңірінде – Астана, Тараз, Көкшетау, Өскемен және Алматы облысында ұйымдастырылады.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұлттық құрамаларға дарынды спортшыларды іріктеу.

Өтетін орны: Астана қ., Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы

Басталу уақыты: 4 маусым, сағат 12:00