Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында спортшылардың жайлы тұруы мен дұрыс тамақтануы үшін барлық жағдай жасалған.
Қонақүй бөлмелері толыққанды тынығуға мүмкіндік береді, ал мейрамхана теңгерімді әрі әртүрлі мәзір ұсынады, оның ішінде таңғы ас, түскі ас және кешкі ас швед үстелі түрінде беріледі.
Спорт базасында Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтуде.
Кешен спортшылардың сапалы дайындық жүргізуіне қажетті барлық мүмкіндіктерді және жоғары деңгейдегі сервисті ұсынады.