Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында VII республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында VII республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының VII республикалық Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы Есеналин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Мейірханов Ерік Серікұлы қатысты.