Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров – 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келді.
Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінде ұлтының қолын «алтынға» жеткізіп, мәртебесін теңіздей тасытқан, Олимпиада жекпе-жегінде олжа салған тұңғыш қазақ.
Жақсылық Үшкемпіров 1975 КСРО халықтарының жазғы спартакиадасында чемпион атанды. Екі дүркін КСРО чемпионатында топ жарды (1975 жылы және 1980 жылы), алты рет жүлдегер болды. Бүкілодақтық, ауыл спортшылары біріншілігінің алтын тұғырына түтінін үзбестен қатарынан тоғыз жыл табан тіреді. Яғни, тоғыз дүркін чемпион! Қазақстан чемпионатын әлденеше рет жеңіп алды.
1981 жылы әлем чемпионы атағын қанжығасына байлады. 1982 жылы әлем кубогінің иегері атанды.
Құрметті атақтары:
- Грек-рим күресінен ХХІІ Олимпиадалық ойындарының чемпионы (1980 ж.);
- КСРО-ның екі дүркін чемпионы (1975-1980 ж.ж.);
- КСРО Халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1975 ж.);
- Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1980 ж.);
- Дүние жүзінің чемпионы (1981 ж.);
- Әлем кубогының иегері (1982 ж.);
- КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері (1980 ж.);
- КСРО-ның ауыл-село спортшылары арасындағы жарыстың тоғыз дүркін чемпионы (1971-1979 ж.ж.);
- Бүкілодақтық ауылшаруашылық институттары арасындағы біріншілікте екі мәрте топ жарды (1971-1972 ж.ж.);
- КСРО чемпионатының алты дүркін жүлдегері (1973, 1974, 1976, 1977, 1978, 1979 жылдар);
- Финляндияның «Тул» спортклубы ұйымдастырған халықаралық жарыс жеңімпазы (1981 ж.);
- Иван Поддубныйды еске түсіруге арналған халықаралық турнир чемпионы (1981 ж.);
- Венгрияда өткен халықаралық турнир жеңімпазы (1982 ж.);
- FILA Күміс орденінің иегері.
- FILA Алтын орденінің иегері (2011 ж.);
- ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің құрмет ордені (2011 ж.).
Мемлекеттік марапаттары:
- «Знак почета» ордені (1980 ж.);
- І дәрежелі «Барыс» ордені (2011 ж.);
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне берілген төс белгі (2011 ж.);
- 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды.
Балуан Жақсылық

Жақсылық Үшкемпіров – Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы (1980 жыл)


Үзеңгілес досы Шәміл Серіковпен

Қысқы Азия ойындарының алауын жаққандар қатарында (2011 ж)

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМДЕР:
Документалды фильм: «Воля к победе»
«Жақсылық»
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ БЕРГЕН СҰХБАТТАР:
«Жақсылық Үшкемпіров. Менің олимпиадам»
«Біздің кейіпкер: Жақсылық Үшкемпіров - Мәскеу Олимпиадасының чемпионы»
«Келбет. Жақсылық Үшкемпіров»
«Жақсылық Үшкемпіров. Соңғы сұхбат»