Жекпе-жек сарайы туралы

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы 

Тарихы

2019 жылғы 6 шілде
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ашылуы 2019 жылдың 6 шілдесінде өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (2020 жылғы 27 қарашадағы № 802) спорт кешеніне Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен әлем чемпионы, аты аңызға айналған спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді.
Спорт кешені «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы Есіл өзенінің сол жағалауында Қабанбай батыр даңғылы, 43 мекен-жайында орналасқан. Көпфункционалды заманауи спорт сарайы - жекпе-жек түрлері (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, сондай-ақ аралас жекпе-жек) бойынша халықаралық спорттық жарыстарды, түрлі мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені.

Ескерткіш

2021 жылдың 8 қыркүйегінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі – 7,5 метр. Авторы - елордалық мүсінші Ербол Зиябеков. Сарай ғимараты Қазақстанның құдіреті мен еркіндігінің символы ретінде қалықтаған алтын қыранды бейнелейтін үшбұрышты пішінге ие.

Кешен

Спорт кешені – 4 қабатты ғимарат, жалпы ауданы 32 146,1 м2, алаңы 5,1724 га. Сонымен қатар ғимаратта: арена, қонақ үй, мейрамхана, асхана, фитнес орталығы, кеңселер, мәжіліс залы, жекпе-жек залы, фельдшерлік пункт және шағын футбол алаңы бар.

32 146 м²

Жалпы ауданы

4 қабат

Ғимарат

5,1724 га

Жер телімінің ауданы

Сондай-ақ инфрақұрылымға мыналар кіреді:

Автотұрақтар

Автокөліктерге арналған 279 орын, автобустарға арналған 5 орын

14 орын

Жертөледегі автотұрақ

Барлық халықаралық стандарттарға сай заманауи жабдықтардың арқасында жекпе-жек сарайының қызметтері халықаралық дәрежедегі спортшыларға да, спорт сүйер қауымға да, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді.

Әмбебаптығы

Ғимараттың әмбебаптығы аренаның функционалдығымен байланысты. Аренаның ортасындағы кеңістік өткізілетін іс-шараның ерекшелігіне қарай жабдықталады. Бұл бокс рингі, дзюдо татамиі, гимнастикалық төсеніш, таэквондо даянгтары, күрес төсеніштері, баскетбол, волейбол немесе концерт алаңдары сияқты спорттық- мәдени іс-шараларды, жиындарды өткізуге мүмкіндік береді.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында:

Арена
Фитнес орталығы
Жекпе-жек залдары
Ашық шағын футбол алаңы
Қонақ үй
Мейрамхана
Кофетерия
Мәжіліс залы
Кеңселер

Сондай-ақ, спорт кешенінде балаларға арналған спорт секциялары бар:

Балалар мен ересектердің жүзу секциясы
Фитнес нұсқаушысымен жаттығу залында топтық және жеке жаттығулар
Екі адамға арналған жеке жаттығулар (сплит)
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаттығулар

Әртүрлі жастағы ересектер мен балаларға арналған секциялар кәсіби және тәжірибелі нұсқаушылардың, спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлердің сүйемелдеуімен жүргізіледі.