Футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу Астанада өтеді.
FIFA-ның ресми сайтында 20 қазанда өтетін матчтың алаңы ретінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы («Жекпе-жек») көрсетілген.
Бастапқыда негізгі іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін Семей қаласындағы «Абай Аренада» өткізу жоспарланған болатын. Алайда Беларусьтің Спорт министрлігі матчты Астанаға ауыстыру туралы өтініш білдірген.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу 20 қазанда елордада өтеді.