OLYMPIC DREAM CAMP 2026 халықаралық дзюдо лагері өтті

OLYMPIC DREAM CAMP 2026 халықаралық дзюдо лагері өтті

2026 жылғы 29 маусым мен 1 шілде аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында OLYMPIC DREAM CAMP 2026 халықаралық дзюдо лагері ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған спорттық жиын барысында жас дзюдошылар күнделікті жаттығулардан бөлек, тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Лагерь аясында танымал дзюдо шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев пен дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының баспкері Алмас Несіпберлі шеберлік сабақтарын өткізіп, жас спортшылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық лагерь жас спортшылардың шеберлігін арттыруға, олардың спортқа деген қызығушылығын нығайтуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталды.


OLYMPIC DREAM CAMP 2026 халықаралық дзюдо лагері өтті