Астанада алғаш рет WTT Star Contender халықаралық турнирі өтті

Астанада алғаш рет WTT Star Contender халықаралық турнирі өтті

Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup халықаралық турнирі өтті. Бұл деңгейдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен бәсекеге әлемнің 29 елінен 160 спортшы қатысты.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 300 мың АҚШ долларын құрады. Жарысқа әлемнің үздік үстел теннисі шеберлері, соның ішінде Ван Иди, Алексис Лебрен, Данг Цю, Дмитрий Овчаров, Дарко Йоргич, Миу Хирано және Сацуки Одо қатысты. Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиев, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадырова және басқа да отандық спортшылар қорғады.

Турнир ерлер және әйелдер арасындағы жекелей, жұптық, сондай-ақ аралас жұптық санаттар бойынша өтті. WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup World Table Tennis ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген халықаралық жарыс.

Астанада алғаш рет WTT Star Contender халықаралық турнирі өтті