«Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирі қалай өтті?

«Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирі қалай өтті?

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирі өтті.

Шешуші белдесуде Жантiлек Нұртілепұлы қарсыласын жеңіп, «Қазақстан Барысы-2026» атағын жеңіп алды. Чемпионға дәстүрлі алтын белбеу, ауыспалы «Тайтұяқ» кубогы және 15 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Күміс жүлдеге Ғалымжан Қырықбай ие болып, 3,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға қол жеткізді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде шымкенттік Нұрсұлтан Қожагелдіұлы мен қостанайлық Алмас Жұмағали күш сынасты. Нәтижесінде Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді. Үшінші орын иегеріне 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

«Қазақстан Барысы» турнирі алғаш рет 2011 жылы ұйымдастырылған. Содан бері дәстүрлі дода еліміздің әр өңірінен келген қазақ күресінің үздік балуандарын бір кілемде тоғыстырып келеді.

Биыл жарыс өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті.


«Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирі қалай өтті?