Разия Нүркенова – қазақ әйелдер футболының аңызы

Разия Нүркенова – қазақ әйелдер футболының аңызы

Разия Нүркенова – Қазақстандағы алғашқы әйелдер футбол командасының шабуылшысы, Қазақстан және Ресейдің спорт шебері, Ресейдің үш дүркін чемпионы, Ресей кубогы мен ТМД чемпиондары кубогының иегері, кейін Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болды.

Оның футболдағы жолы 1987 жылы Қарағандыдағы алғашқы әйелдер футбол клубы – «Олимптен» басталды. Жылдамдығы, ойынды дәл сезінуі мен көшбасшылық қасиетінің арқасында КСРО мен халықаралық деңгейдегі жарыстарда көзге түсіп, 1991 жылғы әйелдер арасындағы алғашқы әлем чемпионатына қатысты.

Кейін Самараның ЦСК ВВС клубында өнер көрсетіп, Ресей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Ойыншылық мансабынан кейін жаттықтырушылыққа бет бұрып, Ресей мен Қазақстандағы әйелдер футболының дамуына зор үлес қосты. Самарада қыздарға арналған алғашқы жеке футбол клубын ашып, кейін Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасын басқарды.

2020 жылы өмірден озған Разия Нүркенова кәсіби шеберлігімен ғана емес, адамгершілігімен, шәкірттеріне деген қамқорлығымен де ел есінде қалды. Оның есімі Қазақстан мен Ресейдегі әйелдер футболының тарихында мәңгі сақталады.

Разия Нүркенова – қазақ әйелдер футболының аңызы