15–20 қыркүйек аралығында Астанада WTT Star Contender Astana 2026 — President’s Cup халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа әлемдік үстел теннисінің үздік спортшылары қатысып, әр ұпай үшін тартысты бәсеке ұйымдастырады.
Турнир аясында спорттық сайыстармен қатар, көрермендерге арналған концерттік бағдарлама да ұсынылады. Сахнада YENLIK, Мирас Жүгінісов, Дастан Оразбеков, AYAU, DUDEONTHEGUITAR және LIILI өнер көрсетеді.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Ұйымдастырушылар қазақстандық жанкүйерлерді отандық спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады.