Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындағы «JJ fitness» жаттығу залында жаттықтырушымен өтетін жеке және топтық жаттығуларға шақырамыз!
Егер сіз денсаулығыңызды нығайтып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіріп, қысқа уақыт ішінде тиімді нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, жаттықтырушымен жұмыс істеу - ең дұрыс таңдау.
Кәсіби жаттықтырушылар әр адамға жеке, дайындық деңгейі мен алға қойған мақсатына сәйкес арнайы жаттығу бағдарламасын әзірлейді. Сонымен қатар, жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалап, жарақат алу қаупін азайтуға және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі.
Жаттығулар 14 жастан бастап өткізіледі.
Жаттықтырушымен жеке жаттығу құны:
- 1 сабақ (1 сағат) - 7 000 теңге;
- 10 сабақ - 50 000 теңге.
Жаттықтырушымен топтық жаттығу құны:
- 1 сабақ (1 сағат) - 5 000 теңге;
- 10 сабақ - 28 000 теңге.
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 70 25 60
+7 (705) 559 01 98 – фитнес орталығының ресепшені
Мекен-жайымыз:
Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 43.