Жүзу

Жүзу

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындағы «JJ fitness» фитнес орталығында балалар мен ересектерге арналған жүзу секциялары жұмыс істейді.

Жүзу - күшті, төзімділікті, қозғалыс еркіндігін дамытатын тиімді дене белсенділігі. Ол денедегі бұлшықет топтарының басым бөлігін жаттықтырып, жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады. Тұрақты түрде жүзумен айналысу дене қалпын сақтауға және салмақты бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, жүзу - буындарға ауырлық түсірмейтін қауіпсіз спорт түрі болғандықтан, кез келген жастағы және дайындық деңгейіндегі адамдарға ұсынылады.

Жүзу сабақтарын кәсіби әрі тәжірибелі нұсқаушылар жеке және топтық форматта өткізеді. Бассейн барлық қажетті арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Балаларды қабылдау 7 жастан, ересектер тобына қабылдау 16 жастан басталады.

Сабақтар 2 бассейнде өткізіледі:

  • 25 м × 9 м бассейн, тереңдігі 1,2 м-ден 1,8 м-ге дейін, 4 жолақ, су температурасы 27–28°C;
  • шағын бассейн, тереңдігі 1,4 м, су температурасы 32–33°C.

Келушілердің ыңғайы үшін ерлер және әйелдердің киім ауыстыратын бөлмелерінде бөлек фин саунасы мен хамам, душ кабиналары және шаш кептіруге арналған бөлмелер қарастырылған.

Әр дүйсенбі бассейн тазалық күніне орай жабық болады. 

Сабақ құны:

Балаларға арналған топтық сабақтар:

  • 1 сабақ (1 сағат) — 4 000 теңге;
  • 8 сабақ — 25 000 теңге;
  • 12 сабақ — 30 000 теңге.

Балаларға арналған жеке сабақтар:

  • 1 сабақ (1 сағат) — 5 000 теңге;
  • 8 сабақ — 35 000 теңге;
  • 12 сабақ — 45 000 теңге.

Ересектерге арналған топтық сабақтар:

  • 1 сабақ (1 сағат) — 6 000 теңге;
  • 8 сабақ — 40 000 теңге;
  • 12 сабақ — 50 000 теңге.

Ересектерге арналған жеке сабақтар:

  • 1 сабақ (1 сағат) — 7 500 теңге;
  • 8 сабақ — 60 000 теңге;
  • 12 сабақ — 75 000 теңге.

Анықтама телефондары:
+7 (705) 559 01 98
+7 (7172) 70 25 60 — фитнес орталығының ресепшені.

Мекен-жайымыз:
Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 43.