Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Беларусь Республикасының спорт және туризм министрі Сергей Михайлович Ковальчук бастаған ресми делегация келді.
Делегация құрамында Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігінің жоспарлау және ұйымдастыру жұмысы бас басқармасының басшысы Евгений Андреевич Залесский және Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Игоревич Богданов болды.
Қонақтарды Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров қарсы алып, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының инфрақұрылымымен және оның халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне сарайда өтетін халықаралық жарыстар мен ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері, оның ішінде Games of the Future Astana 2026 турнирін өткізуге дайындық жұмыстары таныстырылды.