Кусманов Адлет Хаджимуратович
Кусманов Адлет Хаджимуратович
Директордың спорт жұмысы жөніндегі орынбасары

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Күрес туралы бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының спорт жұмысы жөніндегі орынбасары

Кусманов Адлет Хаджимуратович 1983 жылы 08 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы,  Семей қаласында туылған. Жоғарғы білімге ие, 2003 - 2006  жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы және 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.

2003 жылы қыркүйек айынан 2005 жылы қыркүйек айына дейін Қ. Сәтбаев атындағы лингвистикалық гимназияда дене шынықтыру пәні мұғалімі лауазымында қызмет атқарды;

2005 жылғы қыркүйек айынан 2011 жылғы тамыз айына дейін Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт пәні мұғалімі  лауазымында қызмет атқарды;

2011 қыркүйек айы мен 2015 жылы қараша айы аралығында  Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы-әдіскер, жаттықтырушы,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды;

2015 жылы қараша айы мен 2022 жылы  қыркүйек  айы аралығында  Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық  мектеп-интернаты»  КММ  спорт бойынша әдіскер, директордың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды;

2022 жылы қыркүйек айы мен 2023 жылы тамыз айы аралығында «Абай облысының  Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ  дене шынықтыру, жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды;

2023 жылы қыркүйек айы мен 2024 жылы ақпан айы аралығында Абай облысының  Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резерві балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ  директоры  лауазымында қызмет атқарды;

2024 жылы наурыз айы мен 2024 жылғы мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК команда басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2024 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Күрес туралы бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының спорт жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

Кусманов А.Х. отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.