Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы
Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы 27 қазан 1977 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін біліктілігі - халықаралық қатынастар жөніндегі, екі шет тілін білетін елтанушы мамандығы бойынша және 2011 жылы Алматы қ. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану мамандығы бойынша тәмамдады.

2014 жылы Астана қаласы Қазақ технология және бизнес университетін менеджмент мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистр, ал 2017 жылы Семей қаласы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін дене шыңықтыру және спорт мамандығы бойынша, біліктілігі - дене шынықтыру педагогы тәмамдады.

04.08.2000 – 19.12.2007 ж.ж. – ҚР ҚК қызметі, Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының басшысы;

19.12.2007 – 05.08.2009 ж.ж. – ҚР ҚМ АҚШ-тағы әскери атташесі, әскери атташенің орынбасары;

25.10.2010 – 31.03.2011 ж.ж. – 2011 жылғы 7 Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы АҚ, ойындарды қамтамасыз ету департаментінің қамтамасыз ету директоры;

17.04.2012 – 27.08.2012 ж.ж. – ҚР Экономикалық интеграция істері министрлігі, Министрдің кеңесшісі;

21.01.2013 – 19.05.2017 ж.ж. – «ҚазТрансГаз» АҚ газ маркетингі және баға белгілеу департаменті, өңірлермен жұмыс департаментінің менеджері, газ маркетингі және баға белгілеу департаментінің талдаушысы лауазымына ауыстырылды, газ маркетингі және диспетчерлеу департаментінің талдаушысы лауазымына жұмыс істеді, газды диспетчерлеу және транспартирлеу департаментінің аға диспетчері лауазымына ауыстырылды;

22.05.2017 – 03.12.2019 ж.ж. – «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды;

27.01.2020 – 18.04.2022 ж.ж. – «Казимпэкс» АҚ Жекпе-жек сарайының директоры лауазымына қабылданды;

03.05.2022 жылдан бастап «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жекпе-жек сарайы объектісіне қызмет көрсету және пайдалану қызметінің басшысы лауазымына қабылданды;

27.12.2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры.

Үшкемпіров Ж.Ж. отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.