Қазақстан құрамасы Париж 2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Париж 2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды

Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында  пара волейболдан елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрама командасы Қытай спортшыларын 3:2 есебімен жеңіп, Париж 2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Финалдық ойын  8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген

волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия

чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, волейболды отырып ойнаудан (пара волейбол) Азия чемпионаты 3-8 шілде аралығында алғаш рет Астанада өтуде. Байрақты бәсекеге 8 Азия мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. Чемпионат квалификациялық турнир болып саналады.