Сенбілік - бұл таза әлемде өмір сүруге деген ықыласымызды көрсетудің тамаша тәсілі. Сенбіліктерге қатысу - әр адам үшін туған өлкені қалпына келтіру және дамыту ісіне өз үлесін қосуға жақсы мүмкіндік.
Осы орайда бүгін, 04 мамыр күні «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының іргелес аумақтарын тазалау бойынша тағы бір сенбілік өткізіп, өз үлесін қосып жатыр.