Біріккен күрес әлемінің басшысы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды

Біріккен күрес әлемінің басшысы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды

8 сәуір Қазақстанға Біріккен күрес әлемінің  (UWW) басшысы Ненад Лалович пен UWW ASIA президенті Мохаммед әл-Авамле ресми іс-сапармен келді.

Сапар аясында олар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келіп, жас қазақ күресі шеберлерінің өнерін тамашалады.

Айта кетейік, сапардың негізгі нәтижелерінің бірі – Қазақстанда күрес спортын жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылуы болды.