Қазақстан «Динамосына» 100 жыл: Астанада қызықты жекпе-жектер кеші өтті

Қазақстан «Динамосына» 100 жыл: Астанада қызықты жекпе-жектер кеші өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан өңірлеріндегі барлық «Динамо» филиалдарының өкілдері, сондай-ақ отандық спорттың аңызға айналған тұлғалары шақырылды. Іс-шараға динамолық ұйымдарының халықаралық үйлестіру кеңесінің мүшелері де қатысты.

Кештің басты оқиғасы Қазақстан құрамасы мен «Әлем» командасы арасындағы жекпе-жектер сериясы болды.

Аренада еркін күрес, дзюдо, самбо мен грэпплинг секілді әртүрлі стильдер бойынша жеті әсерлі кездесу өтті, оның бірі - жолдастық сипатта болды. Осындай формат көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, кешті шынайы спорттық шоуға айналдырды.