«Динамо» 100 жыл

«Динамо» 100 жыл

10 желтоқсан Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Астана) жылдың басты спорттық оқиғасы — «Динамо» ДШСҚ-ның 100 жылдығы өтеді.

Бағдарламада: салтанатты рәсім, концерттік нөмірлер, ардагерлерді құрметтеу және «Динамо Чемпиондар лигасы» Халықаралық турнирі.

Турнир қатысушылары: Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия командалары.

Салтанатты рәсімге Ангола мен Латвиядан құрметті қонақтар шақырылды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның динамошылары 65 олимпиада медалін жеңіп алып, ең мықты спорт мектептерінің бірі мәртебесін растады.

Басталуы 16:00.

Астана, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.