Күрес тарихындағы 2 аңыз!

Күрес тарихындағы 2 аңыз!

Өздеріңіз білетіндей, грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров көзі тірісінде еркін күрестен әлем чемпионы шығуын армандаған еді.

Міне, бүгін Ризабек Айтмұхан елордаға келген бойы ең алдымен жекпе-жек сарайы алдында орналасқан Жақсылық ағаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, даңқты палуанға құрмет көрсетті.

19 жасында Тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған жеңіске қол жеткізіп, көк байрағымызды көкке көтерген Ризабекке Жақсылық ағаның жолымен Олимпиада шыңын бағындыруын тілейміз.

Жарайсың, чемпион!