Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-ші маусымда сағат 10.00-де елордалық Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Чемпионат 10-шы маусымға дейін жалғасады.