Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына дайындыққа байланысты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болды.
Жекпе-жек сарайының директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров спорт нысанының негізгі орындарымен, оның ішінде арена, мейрамхана, жекпе-жек залдарымен, сондай-ақ күрес залдарымен таныстырды.
Кейін Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі мен ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына дайындық бойынша штаб кеңсесінде кездесті.
Кездесу барысында екі елдің өкілдері алдағы Олимпия ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады. Франция елшісі Олимпиаданың ресми бойтұмарын табыс етіп, Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты.