Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джо Тэ-ик Канвондағы (Корея) IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына және 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штабтың ашылуына байланысты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды.
Жекпе-жек сарайының директоры Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы спорт нысанының негізгі орындарымен, оның ішінде арена, мейрамхана, жекпе-жек залдарымен, сондай-ақ күрес залдарымен таныстырды.
Кейін Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі мен ҚР Туризм және спорт министрі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы Канвондағы (Корея) IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына және 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штабтың кеңсесінде кездесті. Кездесу барысында Канвонда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына сапалы дайындық бойынша негізгі сұрақтар айтылды.