БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҮЗУДЕН ТУРНИР!

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҮЗУДЕН ТУРНИР!

2024 жылдың 05 мамыр күні Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені және Республикалық «Сарыарқа» велотректтің арасында жүзуден балалар турнирі өтті.

Бұл жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүзуді дамыту мақсатында өткізілді.

Аталмыш турнирге 2007-2017 жылы туған балалар қатысты. Ереже бойынша әр қатысушы 3 қашықтықты бағындырулары қажет. Өз жас санатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар грамоталар мен естелік медальдармен марапатталды!