Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. «Жас жауынгер» клубының мүмкіндігі шектеулі балаларына жаттығу соңында Еркін күрес федерациясының Вице-президенті Дәурен Еркінұлы Жабасовтан сыйлықтар табысталды.