Аталған шара 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе - жек сарайында өтеді. Еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ Шымкент, Алматы және Астана қалаларынан балуандардың қатысуы күтілуде.
Грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Рахметов Мейірхан Витальевич сұхбатында спортшылардың көңіл-күйімен, ел чемпионатынан күткен үміттерімен бөлісті, сондай-ақ Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жыл сайын осындай ауқымды турнирлерді тек ел аясында ғана емес, халықаралық деңгейде өткізгені үшін алғысын білдірді.
Біздің спортшыларды қолдауға келіңіз!
Оларға сәттілік тілейміз!
Кіру тегін!