Навигация

Ербол Мырзабосынов Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болып, ұлттық құраманың 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты

Ербол Мырзабосынов Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болып, ұлттық құраманың 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы әрі Qazaq Kuresi Ассоциациясының президенті Ербол Мырзабосынов Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болып, ұлттық құраманың 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты.

Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасы қазіргі уақытта кешенді ойындар алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жиын 7 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Сіздер ел ішіндегі және халықаралық аренада өтіп жатқан чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген үздіктерсіздер. Жыл басынан бері ұлттық құрама сапында 6 оқу-жаттығу жиынына қатыстыңыздар. Ендігі кезекте еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен шара өткелі жатыр. Осы дүбірлі додада ел туын сеніп тапсырған сіздер, спортшыларымыз, шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр даланың иесі ретінде нағыз күштілік пен ептілікті танытар сәтте еш аянып қалмаңыздар. Бүкіл ел сіздерге сенім артып отыр», – дей келе Ербол Қуантайұлы балуандарға алдағы додада сәттілік тіледі.

Күрес түрлерінің, оныш ішінде қазақ күресінің жарысы 8-11 қыркүйек аралығында Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары спорттың 21 түрінен өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ.

Ал қазақ күресінің балуандары 16 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.