Қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалы аяқталды

Қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалы аяқталды

2025 жылдың 7–8 қазан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалы өз мәресіне жетті.

ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов:

«Әлем кубогының финалы — абырой мен асыл қасиеттерді марапат емес, өмірлік ұстаным деп білетін жандардың басын қосатын сайыс. Татамиде еңбекпен және жігермен шыңдалған тұлғалар кездеседі. Әр жекпе- жек - бар күш-жігерін салуды, айқын ойды және қорқынышсыз әрекет етуді талап етеді. Мұндай қасиеттер спортшылар мен құтқарушыларды біріктіреді. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері күн сайын батылдық танытып, сабыр сақтап, әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады», - деп атап өтті.

Фото: ҚР ТЖМ

https://www.instagram.com/reel/DPlNyaQDC-1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%...