«Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз!

«Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз!

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК және Qazaq Kuresi Ассоциациясы қызметкерлері бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясын қолдады.

Акция аясында ұжым мүшелері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аумақ қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді, сондай-ақ ескерткіш шаңнан тазартылды.

Аталған шара қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.