Қазақстан спортшыларын Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті

Қазақстан спортшыларын Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті

Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына отандық спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде ту ұстайтын спортшыларға Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде тапсырылды. IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің байрағын шорт-тректен ел чемпионы, спорт шеберіне үміткер Ерасыл Шыңғысхан және конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, сондай-ақ ел біріншілігінің жеңімпазы Кристина Шумакова алып шығады.

Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.