Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының ұжымы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының оқытушылары және студенттері Наурыз мерекесін бірге атап өтті.
Салтанатты жиынға Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректорының міндетін атқарушы Дүкетаев Болатбек Асылбекұлы қатысты.
Мейрамға арналған жиында халқымыздың дәстүрлері, атап айтқанда, сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру, беташар, неке қию, құдалық, бесікке салу және тұсаукесер көрініс тапты.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар болды.
Алтықанатты екі киіз үй тігіліп, қонақтарымыз ұлттық тағамдардан дәм татты.