Қазақстан бочча Федерациясының Бас хатшысы және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Үлжекова бочча паралимпиадалық спорт түрінен ҚР чемпионаттарын және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге арналған "Children Paralympic games" инклюзивті спорт фестивалін өткізу үшін халықаралық стандарттың барлық талаптарына сәйкес келетін алаңды ұсынғаны үшін Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының әкімшілігіне және барлық ұжымына зор алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Нұргүл халықаралық бочча жарыстарын одан әрі ынтымақтастық және өткізу туралы өз жоспарларымен бөлісті, болашақта бірлескен, жемісті және ұзақ мерзімді жұмыс туралы үміт білдірді және Олимпиада чемпионы атындағы жекпе-жек сарайына өркендеу тіледі.
Сенім мен таңдау үшін рахмет!