«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК атынан ел спортының жарқын жұлдызы, КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, грек-рим күресінен Олимпиада Ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Хасанович Ильматовтың мезгілсіз өмірден озуына байланысты көңіл айтамыз.
Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол, жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді.
Оның асыл мінезі мен жетістіктері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады.