Қазақстандық ұлттық сурдо футбол және футзал федерациясының президенті Мейрамбек Махамбетов, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының әкімшілігі мен барлық ұжымына сурдо футзалдан Әлем чемпионатын өткізгені үшін үлкен алғыс білдірді.
Бүгін сурдо футзалдан Әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Иран командасымен кездесті. Турнир нәтижелері бойынша бірінші орынды Иран, екінші орынды Қазақстан, ал үшінші орынды Бразилия құрамасы иеленді.
Айта кетейік, 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында футзалдан Әлем чемпионаты алғаш рет Астанада 1-10 маусым аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Жарысқа 10 ел қатысты.
Сенім мен таңдауыңыз үшін рахмет!