Дене шынықтыру бұқаралық спорт академиясы QK-тобының 1-курс студенттері жазғы практика бағдарламасы бойынша Qazaq Kuresi қауымдастығы қолдауы мен Қазақ күрес академиясында екі апталық практика өтіп жатыр.
Практика барысында қазақ күресінен Жекпе-жек сарайы ашық біріншілігінде жарыс ұйымдастырып қана қоймай төрешілік қызмет атқарды. Жарыс өте қызық форматта өтті балуандар күресіп қана қоймай зияткерлік ойын ұлттық ойындар және кермеге тартылып,кір тасын көтеріп жарысты.
Жарыстын бас төрешісі Қалымбеков Еркебұлан мен Берекетов Мейіржанның айтуынша балуан деген жан-жақты даму керек деген мақсатта, осындай форматта жарыс ұйымдастырып отырмыз дейді. Практика барысында QK-тобының студенттері жақсы жақтарынан көрсетіп жатыр. Осы студенттерге жетекшісі болып, нұсқаулық беріп жүрген Денешынықтыру бұқаралық спорт академиясының сеньор-лекторы Даулет Нұрболатұлына алғыс айтамыз Qazaq Kuresі академиясының атынан.
Серіктесіп үлкен жұмыстар атқарып болашақта Ұлттық төл күресімізге үлес қосатын мамандар тәрбиелеп шығамыз деп сенемін.