Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлттық құндылығымыз – қазақ күресінен өтетін «Дала қырандары» турнирін тамашалауға шақырамыз!
Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар.
«Бас балуан» атағының иегерлерін көргілеріңіз келсе, бізбен бірге болыңыздар!
Өтетін күні мен уақыты: 17 желтоқсан, сағат 12.00
Мекенжайы: Астана қ., Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр, 43.
Кіру тегін!