Қазақ күресінен оқу-жаттығу жиыны өтуде

Қазақ күресінен оқу-жаттығу жиыны өтуде

Қазақ күресінен ұлттық құрама балуандарының кезекті ОЖЖ Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының базасында өтуде. Олар Сауд Арабия патшалығының астанасы – Эр-Рияд қаласында өтетін Әлемдік жекпе-жек ойындарына (World Combat Games) дайындалуда.

Жаттығу жиыны 2023 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбелік жоспарына сәйкес 20 қазанға дейін жалғасады.