Күні кеше Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың қатысуымен қолтаңба беру сессиясы өтті
Кездесу барысында жас дзюдошыларымыз Олимпиада жүлдегерінің қолтаңбасын алып, естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев жас жеткіншектерге өз ақыл-кеңесін айтып, сәттілік тіледі.
Іс-шара спорт әлеміне енді аяқ басып жатқан жастарға дем беріп, жеңіске деген жігерлерін арттырғаны сөзсіз.