«Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өткізілді

«Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өткізілді

2025 жылдың 9 желтоқсанында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының мәжіліс залында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өткізілді.

Кездесу барысында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК заң бөлімінің басшысы Жанабекова Рузанна Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттері мен Кәсіпорын қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті нығайтуға, саналы, жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.