Навигация

2024 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар (U20) арасында халықаралық турнирі өтеді

2024 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар (U20) арасында халықаралық турнирі өтеді

Құрметті спорт және күрес сүйер қауым!

2024 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар (U20) арасында халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Қадірлі ағайын дүбірлі додада ел намысын қорғайтын балуандарымызға жанкүйер болуға шақырамыз! Ұлтымыздың батыр ұлының есімін бірге асқақтатайық!

Кіру тегін!