Ұшы-қиыры жоқ ұланғайыр дала мен тәкаппар таулар арасында көшпелі өркениет рухы бізді еркіндікке ұмсындырады.
Біз - көне дәстүр мұрагері, дала даналығы мен оның алапат қуатын сіңірген халықпыз.
Ұлы даланың даңғыл жолын жалғап, санамызды жаңғыртар сәт туды.
Көкжиекке құлаш ұрып, арда мұратпен арқаланып, кемел келешекке бастайық!
Ағымдағы жылдың 8-13 қыркүйек аралығында Елорда төрінде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асыға күтеміз!