Бүгін №97 мектеп-гимназиясының балалары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады

Бүгін №97 мектеп-гимназиясының балалары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады

Бүгін №97 мектеп-гимназиясының балалары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады. Атақты қазақстандық балуан Жақсылық Үшкемпіровтің атымен аталған бұл заманауи спорт кешені жекпе-жектің әртүрлі түрлерін дамыту, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау және түрлі іс-шараларды өткізу орталығы болып табылады.

Сондай-ақ, балалар аренада U-21 сурдо футзалынан чемпионатқа қатысып, Қазақстан құрамасын қолдады.

Сапар барысында оқушылар Олимпиадаға дайындық штабына барып, Париждегі төртжылдықтың басты старттарында ел намысын қорғайтын біздің құраманың дайындық барысымен танысты.

Штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов, ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшарип жас жеткіншектердін, сұрақтарына жауап беріп, төрт жылда бір өтетін бас доданын маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Балалар ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеп, ең басты жанкүйер болатынын жеткізді.