Қазақстанның көрнекті спортшысы әрі батыры – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және Еңбек Ерінің құрметіне аталған Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайымызға бүгін 5 жыл толып отыр.
Біздің әлемдік деңгейдегі аренада осындай ауқымды шаралар сәтті өтті:
- Киокушинкай каратэ KWU бойынша Азия чемпионаты;
- Пара-дзюдодан Гран-при әлем кубогы;
- дзюдодан Азия чемпионаты;
- Қазақ күрес әлем чемпионаты;
- Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты;
- Джиу-джитсудан әлем чемпионаты;
- Пара волейболдан Азия чемпионаты;
- Күрес түрлерінен Азия чемпионаты;
- «Grand Slam» әлемдік рейтингтік турнирі және т.б.
Біздің аренада жыл сайын халықаралық және республикалық турнирлер, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары, спорттық жарыстар мен фестивальдар өтеді. Біздің арена көптеген көрермендерді өзіне тартып, қоғамның мәдени байытылуына өз үлесін қосуда.
Спорт кешеніміздің спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыруға қосқан үлесі зор. Оның қызметі спорттық инфрақұрылымды жақсартуға, спортшылардың дайындық деңгейін арттыруға және жастарды спортқа тартуға ықпал етеді. Жекпе-жек сарайы елордада ғана емес, бүкіл әлемде спортшылар мен спорт сүйер қауымның назарын аударатын орталыққа айналды.