Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10,5 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.
Назарларыңызға еркін күрес бойынша Париж Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасын ұсынамыз:
Мейрамбек Қартбай (57 кг)
Азамат Даулетбеков (86 кг)
Алишер Ерғали (97 кг)
Батырмурзаев Юсуф (125 кг)
Спортшыларымыз жарыс алаңына 4 тамыздан бастап шығады.