Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында кекушинкай каратэ әлем тарихындағы басты іс-шараның - кекушиннен IV Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және кекушинкай каратэден бірінші Азия чемпионатының ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт Вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы РҚБ Президенті Тәжімұрат Толбайұлы Найзабеков және International Karate Organization “Kyokushinkai kan Union” Президенті Табата Шигер сөз сөйледі.