«Жердің Амбассадорлары» креативті жастардың «Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасына сәйкес «Достық аллеясы» ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді

«Жердің Амбассадорлары» креативті жастардың «Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасына сәйкес «Достық аллеясы» ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Жердің Амбассадорлары» креативті жастардың «Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасына сәйкес «Jas leader akademiiasy» қатысушыларымен «Достық аллеясы» ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді.

Директордың спорттық жұмыс жөніндегі орынбасары Есет Қалидоллаұлы Байтасов Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, сондай-ақ осы спорт кешеніне есімі берілген ұлы  спортшы Жақсылық Үшкемпіров туралы айтты.

Сонымен қатар, қонақтар Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық бойынша штабты көрді, ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің және спорт федерацияларының желісі бойынша жұмысты үйлестіруді жолға қою жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы халықаралық старттарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында жекпе-жек сарай аумағында ашылды.