QK-тобының 1-курс студенттері жазғы практика бағдарламасы бойынша екі апталық практика өтіп жатыр

QK-тобының 1-курс студенттері жазғы практика бағдарламасы бойынша екі апталық практика өтіп жатыр

Дене шынықтыру бұқаралық спорт академиясы QK-тобының 1-курс студенттері жазғы практика бағдарламасы бойынша Qazaq Kures қауымдастығы қолдауы мен QAZAQ KURESI Академиясында екі апталық практика өтіп жатыр.

Практика барысында қазақ күресінен Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы ашық біріншілігінде жарыс ұйымдастырып қана қоймай төрешілік қызмет атқарды. Жарыс өте қызық форматта өтті. Балуандар жарыс барысында зияткерлік ойын, ұлттық ойындар және кермеге тартылып, кір тасын көтеріп жарысты. Жарыстын бас төрешісі Қалымбеков Еркебұлан мен Берекетов Мейіржанның айтуынша, Балуан - жан-жақты даму керек мақсатында, осындай форматта жарыс ұйымдастырып отырмыз, - дейді.

Практика барысында QK-тобының студенттері жақсы жақтарынан өздерін көрсетіп жатыр. Осы студенттерге жетекші болып, нұсқаулық беріп жүрген Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының сеньор-лекторы Даулет Нұрболатұлына алғыс айтамыз. Серіктесіп, үлкен жұмыстар атқарып, болашақта Ұлттық төл күресімізге үлес қосатын мамандар тәрбиелеп шығамыз деп сенеміз.