2023 жылдың 30 қазанда Республика күніне орай біздің фитнес орталығында жүзуден балалар арасындағы турнирі өтеді!
Бұл турнир тәрбиеленушілер арасында суда жүзетін ең мықты жандарды анықтауға және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді.
Сондай ақ, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасында жаппай жүзуді дамыту мақсатымен өткізілуде.
Аталмыш турнирге 6 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар катысады. Жас жүзушілер түрлі жас санатында 25 және 50 метр қашықтықты бағындырулары қажет.
Жеңімпаздарға грамоталар мен естелік
медальдар табысталмақ!
Барлық жас қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!!!!!
Өткізілетін орны:
Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайы, Қабанбай батыр даңғ, 43,
“JJ fitness” фитнес орталығы.
Басталуы: сағат 09:00-де.